Облыс шекарасы бойынша санитарлық бекеттер қандай жолдарда тұр?
Қызылорда - Павлодар а/ж (Молодежный к.ауданы);
Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау-Қарағанды а/ж (Үміткер к. ауданы);
Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автожолының 271-ші шақырымы Семей қаласы бағытында (Кентөбе кенті ауданы).
Кімге рұқсаттамаға өтінімді жіберу керек емес?
1. Арнайы көліктегі барлық медицина қызметкерлері;
2. Арнайы көліктегі ТЖ, Өрт сөндірушілер, Апаттар медицинасы орталығы мамандары және басқа да құтқарушылар;
3. Инкассаторлар және кассирмен бірге жүретін машина;
4. Полиция, ТЖ, Прокуратура, ҰҚК, МКҚ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.қызмет, ЭТД, Кеден, Салық (МКД), соттар және сот қызметкерлері, Көліктік бақылау, СанЭпидбақылау (обл.және айм.), УССО, ҚР ҚК, ҰАО, ҚР ұлттық ұланы, Өнеркәс.Қауіпс., Шекара қызметі – қызметтік қажеттілік жөніндегі құжаттармен;
5. ДП және/немесе ҚАЖД қызметкерлерінің еріп жүруімен сотталғандардың транзиті;
6. Жүк транзиттік көліктер.
Шетел азаматы рұқсатнамаға өтініш бере алады ма?
Иә, шетел азаматтығы бар адамдар рұқсаттамаға өтінім бере алады. «ЖСН» жолында өз елінің жеке басын растайтын құжат нөмірін немесе ID-ін не шетелдік паспорттың нөмірін көрсету қажет.
Егер мен Нұр-Сұлтан қаласынан баратын болсам, өтінім беруім керек пе?
Жоқ, қажет емес.
«Сапардың мақсатын растайтын құжатты тіркеңіз» деген жолға қандай құжатты тіркеу керек?
Сапар мақсатына байланысты ол: қызмет көрсету туралы шарт, дәрігерге жолдама, іссапар парағы, қызметтік куәлік, жеке куәлік және басқа да құжат болуы мүмкін.